Елордада Премьер-Министрдің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Премьер-Министрдің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті

18.03.2022

Елордада Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиынға министрліктер мен жауапты мемлекеттік орган басшылары қатысты. Отырыста Президент Жолдауында айтылған саяси жүйені кешенді жаңғырту бағдарламасы мен стратегиялық құжаттың басым бағыттарын жүзеге асыру тетіктері пысықталды. Премьер-Министр жауапты ведомство басшыларына Президент тапсырмаларын жедел әрі сапалы орындауды тапсырды. Үкімет отырысы туралы толық ақпаратты келесі жаңалықтарымызда ұсынамыз 

Хабарламаларға жазылу