Ақтауда ер адам көшеде жүрген итті көлігімен таптамақ болған. Куәгерлер болған оқиғаны ұялы телефондарына түсіріп алған. Олардың айтуынша, жүргізуші бірінші итке тас лақтырып, одан кейін оны автокөлігімен таптамақ болған. Оқиға кеше кешкісін шаһардағы бірінші шағын аудан жақтағы жағалауда орын алған. Қазір тәртіп сақшылары бұзақының кім екенін анықтап отыр. Оның қандай жауапқа тартылғаны әзір белгісіз.