Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында толассыз жауған жаңбырдың салдарын жою жұмыстары әлі жалғасуда. Ауданда ауласына су кірген үйлердің саны үш мыңға жуықтады. Қазір біздің осы өңірдегі тілшіміз Айнұр Ақбаева тілекей байланыста. Айнұр, Мырзашөл өңіріндегі бүгінгі жағдай қалай?
Айнұр Ақбаева, тілші:
Мақтаарал мен Жетісай аудандарында жедел штаб құрылып, үйлердің аулалары судан тазартылып жатыр. Бүгін түнде жаңбырдың соңғы қарға ұласып, таңға дейін еріп кетті. Қазір Мақтаарал ауданында қарғын суды бұру үшін каналдар қазылып, коллекторлар тазартылуда. Бүгінгі күні 284 аула аумағынан 62 мың текше метрдей су сорылды. Бұл жұмыстарға төтенше жағдай мен жергілікті әкімдік, коммуналдық, су шаруашылығы қызметтерінің 170 маманы жұмылдырылды. Олар 60 мотопомпамен және 44 бірлік техникамен жұмыс істеуде. Барлық тұрғын үйге бірден көмек көрсету мүмкін болмағандықтан, ең бірінші кезекте аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасылардың аулалары судан тазартылуда. Бұл шараларға барлық аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, ерікті азаматтар қол ұшын созуда.
Айнұр Ақбаева