35 000 АҚШ доллары және 1 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

35 000 АҚШ доллары және 1 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген азамат ұсталды

18.03.2022

35 000 АҚШ доллары және 1 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген азамат ұсталды. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің хабарлауынша күдікті өзге тұрғынды алдаған. Қомақты қаражат берсең, мойныңдағы қылмыстық жауапкершілікті алып тастауға болады деп уәде берген. Осылайша қаражатты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкеріне берем, - деп алдап соққан. Айлакердің әккі әрекеті жүзеге аспады.

Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

2022 жылғы 18 наурызда азамат тға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу аясында жария етілмейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрғындарды сақ болуға шақырады. Егер агенттік қызметкерлері тарапынан жасалған заңсыз әрекеттерге немесе ведомство мәртебесін алаяқтық мақсатқа пайдаланған тұлғаларға тап болсаңыз кестедегі байланыс нөмірі бойынша хабарласуға болады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ЖҚД
8 7172 - 90 93 72 (37)
Email uvb@antikor.gov.kz
Call Center 1424))

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу