Бүгін «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының отырысы өтті. Үкімет басшысы төрағалық еткен жиында қазіргідей қысылтаяң тұста Еуропалық Одақ елдері мен бизнес құрылымдардың Қазақстанмен ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері қозғалды. Аталған Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас өз сөзінде «Орнықты өзара байланыс біздің ынтымақтастық бағдарламаларымыздың негізгі басымдығы болатынын» атап өтті.
Еркін Съезұлы