Қалалық сот Шұғыла шағын ауданында тұрғызылып жатқан 12 қабатты көппәтерлі үйді бұзу туралы шешім шығарды. Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасына азаматтардан шағым түсіп, тексеру жүргізілген. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заңбұзушылық анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Айта кетейін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкіміне тұрғындардың өтінішіне құлақ асып, тұрғын үй кешендерінің жанынан биік ғимараттарды тығыз салуды тоқтатуға тапсырма берген. Ал ақпан айында қала әкімі Ерболат Досаев заңсыз тұрғызылып жатқан 19 нысандағы құрылыс жұмысын тоқтатқан.
Нұрсұлтан Тілектесов