АҚШ Ресейдің 99 ұшағының әуеге көтерілуіне тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Ресейдің 99 ұшағының әуеге көтерілуіне тыйым салды

19.03.2022

АҚШ Сауда министрлігі Ресейдің 99 ұшағының әуеге көтерілуіне тыйым салды. Өйткені Вашингтонның санкциясын бұзып, наурыздың 2-нен бері Ресей мен Беларуське ұшқан. Ақ үй әкімшілігі ескерткендей, бұдан былай оларға әлемнің ешқандай елінде қызмет көрсетілмеуі керек. Қара тізімге ресейлік азаматтармен, компаниялармен байланыстағы лайнерлер ілікті. Тыйым салынған ұшақтарды негізінен «Аэрофлот», «ЭйрБридж», «Авиастар» секілді бірқатар компания қолданған. Ұшу мүмкіндігінен айрылған ұшақтар қатарында бизнесмен Роман Абрамовичтің «Галфстрим» деген лайнері де бар. Бұл шаралар енгізілгенге дейін-ақ Ресей, әуе транспорттық оқшаулауға алынды. Санкциялар салынғаннан кейін Ресей үшін әуе кеңістігін Еуропа Одағы, Швейцария, Канада және басқа да елдер жауып тастады. Бұған жауап ретінде Ресей де еуропалық және америкалық ұшақтарға әуе жолдарын жапқанын хабарлап отыр.

Арыстанбек Рысбек

Хабарламаларға жазылу