Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрін қабылдады

24.03.2022

Ақордада Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрін қабылдады. Әлібек Қуантыров Президентке халықтың табысын арттыру бағдарламасы мен инфляцияны төмендету жөніндегі кешенді шаралар туралы баяндады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы аясында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөнінде нақты міндет жүктеді. Қазіргі уақытта комиссия жасақталып, жаңа облыстарды құру жұмыстарының алгоритмі әзірленді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту, сондай-ақ, тұрғындар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу