Төтенше жағдайлар қызметі: Азаматтар ескертуге қарамастан жолға шығып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдайлар қызметі: Азаматтар ескертуге қарамастан жолға шығып жатыр

25.03.2022

Кешелі бері «Нұр-Сұлтан – Ерейментау - Шідерті» автожолында 300-ге жуық автокөлік тұрып қалған. Ақ түтек боран басылғанша арнайы жылы орындарға 45 адам жеткізілген. Оның 10-ны бала.

Төтенше жағдайға байланысты республикалық маңызы бар автожол жабылып, алыс жолға шыққан жолаушылар кері қайтарылған.

«Алайда азаматтар ескертуге қарамастан жолға шығып, қиындықтарға тап болып жатыр», - дейді төтенше жағдайлар қызметі.


Хабарламаларға жазылу