Украина: Инспекторлар «Чернобыль» атом электр станциясына жете алмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина: Инспекторлар «Чернобыль» атом электр станциясына жете алмай жатыр

25.03.2022

Украинадағы «Чернобыль» атом электр станциясының қызметкерлері атыс салдарынан жұмыс орнына жете алмай отыр. Бұл - Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік берген мәлімет.

Ұйым Украина билігінің мәліметіне сүйене отырып, Ресей әскері Славутич қаласындағы бақылау-өткізу пунктіне оқ жаудырып жатыр деп мәлімдеді.

Айта кету керек, қала тұрғындарының көпшілігі Чернобыль АЭС-інде жұмыс істейді. МАГАТЭ оқ ату атом электр станциясы жұмысшылары мен үйлеріне қауіп төндіріп тұрғанын айтып, нысанда жұмыстың ойдағыдай жүруіне кедергі деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу