Қарағанды облысының Абай қаласындағы бүлдіршінді ұрған балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды. Тәрбиешенің әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған. Әлеуметтік желіге тарап кеткен жазба полицияда тіркеліп, балабақша қызметкерінің дөрекі әрекеті расталды. Абай қаласындағы 550 орындық тәрбие ошағы 2021 жылы ашылған.
Руслан Нұрланұлы