АҚШ пен Британия барлаушыларының мәліметінше, Украина қарулы күштері Ресей армиясы үшін маңызды нысандарға соққы беріп жатыр. Соның салдарынан Ресей әскері таусылауға жақын қорын толтыра алмай, шабуылды жалғастыруда қиындыққа тап болған. ((КСМ)) Бұған дейін Киев Бердянск портында тұрған Ресейге тиесілі "Саратов" десанттық кемесін жойып, тағы екі кемені зақымдағанын және оқ-дәрі қоймасын шабуылдағанын хабарлады. Мәскеу әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ. Соңғы деректерге сай, Ресей күштері Украина қалаларына әуеден және артиллериядан соққы беруді жалғастырып жатыр. Қоршаудағы Сумы және Харьков қалаларында азаматтық инфрақұрылымдарға оқ жаудырып, Чернигов қаласын қоршауға алуға әрекеттеніп жатыр. Киевтің тағы бір мәліметіне сай, 10 украиналық тұтқын 10 ресейлікке айырбасталған. Сонымен бірге Украина суға батқан кемеден құтқарылған 11 ресейлік теңізшіні жіберіп, Ресей 19 украиналық теңізшіні кепілден босатты.
Арай Төлегенқызы