Таразда Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қару-жарақтар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қару-жарақтар табылды

25.03.2022

Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 26 қару мен 400 патрон табылды.

Олардың ішінде калашников автоматтары, карабин, тапаншалар мен ойық және тегіс ұңғылы мылтықтар бар. Сондай-ақ, оқ-дәрілерден бөлек қорғаныс жекеті, каскалар мен дүрбі тәркіленді. Табылған қару-жарақтарға сот-балисстикалық сараптама тағайындалған. Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қарау-жарақтарды іздестіру жұмыстары облыста әлі де жалғаса бермек. Ал полиция департаменті қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарды жауапқа тартпаймыз деп отыр. 

Гүлсара Мұқтарқұлова, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі 

Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің арнайы құрлдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адамның басқа құқықбұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшәләк жауапкерілікке тартылмайтынын ескертеді.


Хабарламаларға жазылу