Петропавлда құлаған мұржаның орнына жаңасы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда құлаған мұржаның орнына жаңасы салынады

25.03.2022

Петропавл жылу электр орталығындағы құлаған мұржаның орнына жаңасы салынады. Бұл туралы кәсіпорын басшылығы мәлімдеді.

Жаңа мұржаның құрылысы қашан басталады?

Эльмира Кәленова, тілші:

Жаңа мұржаның құрылысы нақты қашан басталары әзірге анық емес. Құлаған мұржаның қалған бөлігін алып тастау мәселесі қарастырылуда. Ал жаңасы келесі жылыту маусымына дейін орнатылуы тиіс. Себебі тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету үшін екі мұржа жеткіліксіз дейді мамандар.

Михаил Косачёв, «СевКазЭнерго» АҚ бас директоры:

Мұржаны алып тастау мәселесі бойынша отандық және шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар басқа мұржаларды бастан аяқ жөндеу жоспары әзірленуде. Өйткені келер жылы тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету керек. Мұржалар соңғы рет 2017 жылы жөнделген болатын.

Эльмира Кәленова, тілші:

Сондай-ақ, экологтар апаттан кейін ауаны тексерген болатын. Сараптама қорытындысына сәйкес қоршаған ортаның шамадан тыс ластануы тіркелмеген. Сондықтан қала тұрғындарының алаңдауына негіз жоқ. Бүгін жылу электр орталығында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері болды. Мамандар Солтүстік Қазақстанда ауаны ластайтын заттардың 70 пайыздан астамы негізінен осы кәсіпорыннан шығатынын айтады. Былтыр шамамен 25 мың тонна көлемінде зиянды қалдық бөлінген.


Хабарламаларға жазылу