Шымкенттегі зауыт өндіріс қуатын 3 есе азайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі зауыт өндіріс қуатын 3 есе азайтты

25.03.2022

Ресей мен Украина арасындағы кикілжің Шымкенттегі жеңіл өнеркәсіп саласына кері әсерін тигізе бастады. Өңірдегі тоқыма кәсіпорындары шикізат тапшылығына байланысты өндіріс қуатын 3 есеге дейін азайтуға мәжбүр. Оған доллардың қымбаттауы, кей елдермен арадағы алыс-берістің тежелуі себеп. Салдарынан төсек жаймаларын шығаратын фабрика жұмысшылардың тек бестен бірін ғана қалдырып, өзгесін уақытша демалысқа жіберген.

Мәжіліс депутаттарымен кездескен кәсіпкерлер осы қиындық туралы айты. Бұдан өзге мемлекеттік тапсырысты дер кезінде орындай алмағандықтан, бірқатар кәсіпорындардың жосықсыз тауар өндіруші реестріне ену қауіпі төніп тұр. Мұндай жағдайда олар екі жылға дейін мемлекеттен ешқандай тапсырыс ала алмайды. Сондықтан кәсіпкерлер мұндай шектеуді уақытша алып тастауды ұсынды.

Әділжан Датқаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

 Мемлекетке салық жағынан қарыз болған жағдайда банктер есепшоттармен есеп айырысуды автоматты түрде тоқтатады. Осыны тоқтатуға мараторий жөнінде ұсыныстар жасап жатыр.


Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу