Азық-түлік қауіпсіздігін күшейту талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік қауіпсіздігін күшейту талқыланды

25.03.2022

Отандық тұқымдарды өсіру жөніндегі жол картасы әзірленді. Себебі тұқым сұрыптары сапасызданып, өнімділік төмендеп барады. Бұл туралы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысында айтылды. Жиында көктемгі егіс жұмыстарына қосымша қаражат бөлу және ауыл шарушылығы өндірісі үшін логистиканың негізгі проблемалары талқыланды. Мәселен, 16 наурыздан бастап аммиак селитрасының бағасы тоннасына 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендеген. Сондай-ақ, Үкімет басшысы көктемгі егіс және күзгі орақ науқанын жүргізуге 70 млрд теңге қосымша бюджеттік кредит бөлуді тапсырды. Бұған елдегі ауыл шаруашылығы тауарларының қымбаттауы түрткі болып отыр деді премьер-министр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндірісін тасымалдау үшін, қосымша вагондармен қамтамасыз ету және Ресейден тұқым жеткізудің балама бағыттарын пысықтау тапсырылды. 

Хабарламаларға жазылу