Астана – барша қазақтың айбын-абыройы. Сондықтан, мерекені тойлауға жырақта жүрген қандастарымыз да үн қосуда. Ресейдің Алтай өлкесі, Қосағаш ауданынан келген өнерпаздар елордалықтарға арнап мерекелік концерт қойды.
Салт-дәстүрін берік ұстанып, ұлттық өнерін өркендеткен бауырларымыз әннен шашу шашып, халық билерін орындады. Осылайша, шетте жүрсе де, ұлттық құндылықтарды ерекше қастерлейтіндерін көрсетті.
Рауан ДИӘЛИ