Арыс және Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарын жою шаралары жалғасады. Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бөлімшелері бүгіннен бастап жұмысқа қайта кірісті. Арыс қаласында жару жолымен жойылатын оқ-дәрі қалдықтары арнайы жабдықталған полигонға жеткізіледі. Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қалдықтарын жою үшін де арнайы орын дайындалған. Жарылыс салдарын жою жұмыстарын 650-ден астам әскери маман қараша айының соңына жүргізеді. Жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған.
Берік Көшербай