Қостанайда тұрғын үй өртеніп, 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда тұрғын үй өртеніп, 4 адам қаза тапты

28.03.2022

Қостанайда жексенбі күні жеке тұрғын үй өртеніп төрт адам қаза тапты. Қаланың шет ауданындағы екі қабатты коттеджді 7 отбасы жалдап тұрып жатқан.

Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше өрт түс уақытында тұтаныпты. Өрт сөндірушілер келгенде екінші қабатты толық от оранған. Екі сағат ішінде отты толық өшіріп, нысанды тексеру кезінде үй ішінен 1988 жылғы ер адам мен 1985 жылғы оның әйелінің денесі табылыпты.

Сонымен қатар осы отбасыға қонаққа келген 11 және 9 жастағы қыз балалар да өрт ішінде қалып мерт болған. Жеткіншектер отағасының туған апасының балалары екен.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу