Алматыда бөтеннің көлігінен бағалы заттарды қолды еткен тұрғын ұсталды. Қаскөй арам ойын түнде жүзеге асырып келген. Оның кезекті әрекеті көше камераларының біріне түсіп қалды. Ол шарбақтан секіріп, бөгденің ауласына кіріп, үй иесінің ашық қалған көлігіндегі бағалы заттарын ұрлап кеткен.
Жедел іздестіру кезінде күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 30 жастағы Түркістан облысының тумасы болып шықты. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.