Музыканы, оның ішінде джаз жанрын ұнататындар бүгін елордадағы Конгресс-хол сарайына жиналды. Онда джаз стилінің әлемдік жұлдыздары - еуропалық «Level42» мен «Mezzoforte» топтары өнер көрсетті.
Кештің басты қонағы - атақты джазмэн Марк Кинг болды. Оның бүгінге дейін 30 миллионға жуық жазбасы сатылып, 18 ән жинағы жарық көрген.
Сағынай Абдуллин, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:
Музыканттардың Қазақстанға алғаш келуі. Концертке дейін мен олармен сөйлестім, білгенім оларға Астана қатты ұнапты. Жалпы, бұл концерт астаналықтарға және қала қонақтарына үлкен сый. Біз жас кезімізде осы топтардың өнеріне еліктеп өстік.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ