Жамбыл облысында жасөспірімді пойыз басып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жасөспірімді пойыз басып кетті

29.03.2022

Жамбылда мектеп оқушысы пойыздың астына түсіп мерт болды. Қайғылы оқиға Жуалы ауданы Боранды станциясында болған.

16 жастағы жасөспірім темір жол маңына үйіне отын жинау үшін барған. Куәгерлердің айтуынша рельстердің ортасымен жүрген оқушы құлаққаптың кесірінен пойыз сигналын естімеген. Ал жүргізуші жылдамдықты төмендетіп, тежегішті қосқанымен жүк тиелген вагондардың тоқтауы мүмкін болмаған. Дәрігерлер баланы аман алып қала алмады. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Шәміл Керімбаев, Боранды желілік полиция бөлімінің бастығы: 
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 344 бабы, 2-ші бөлігімен іс қозғалып қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.


Хабарламаларға жазылу