Бүгін Футболдан Қазақстан құрамасы Молдова командасын қабылдайды. Қос құрама ұлттар лигасының С лигасында қалу үшін таласып жатыр. Жеңілген команда Д лигасына түседі. Бірінші кездесу Кишинев қаласында өткен. Тартысты ойында отандастарымыз 2:1 есебімен басым түскен.
Ал бүгін футболшылар «Астана-Арена» стадионында ойнайды. Кездесуге Иван Кружляк бастаған словакиялық төрешілер төрелік етеді. Матч кешкі сегізде басталады. Ұлттық құраманың ойынын «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Шерхан Жамбылұлы