Ыстамбұл қаласында Украина мен Ресей делегацияларының кезекті келіссөздері өтіп жатыр. Екіжақты кездесу алдында тараптарды Түркия президенті Режап Тайып Ердоған қабылдап келіссөздердің нәтижелі аяқталуын тіледі. Бір айдан аса қақтығысып жатқан тараптардың кездесуінен қандай нәтиже күтуге болады? Келесі басқосу қашан өтеді? Бұл сұрақтарға жауапты кездесу орнында тұрған Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлы айтады.