Қостанай облысында былтыр сыбайлас жемқорлық фактілері жайлы құзырлы орындарға хабарлаған 5 адам ақшалай сыйақы алған. Оларға берілген қаржының жалпы сомасы 3 млн 94 мың теңге. Сонымен қатар, тағы 4 азаматқа марапат қағазы тапсырылыпты. Ал, биыл 240 мың теңге бір адамға берілген. Жемқорлық оқиғалары жайлы хабарлаған адамға ақшалай сыйлық – заң орындары қылмыстық әрекетті нақты анықтағаннан кейін беріледі.
Рүстем Болатов, Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма басшысы:
Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Қостанай облысындағы жемқорлыққа қарсы қызметке жүгіне алады.
Дәуренбек Әбдібек