Үкімет тарапынан «Pfizer» вакцинасын енді халыққа тегін салдыруға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет тарапынан «Pfizer» вакцинасын енді халыққа тегін салдыруға рұқсат берілді

29.03.2022

Елімізде вакцина салдырғандар саны он миллионнан асты. Бұл екпе егуге жататын контингенттің 80 пайызы. Бұл бағытта әлі де белсенділікті арттыру мақсатында Үкімет тарапынан «Pfizer» вакцинасын енді халыққа тегін салдыруға рұқсат берілді.

Мәселен, «Қызылорда облысында соңғы 10 тәулікте бірде-бір коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген. Эпидахуалдың оңалуына байланысты қаладағы 200 орындық модульді инфекциялық аурухана жабылды. Қазір өңір бойынша індетке шалдыққан небәрі 10 науқас стационарлық ем алуда. Жалпы аймақта эпиджағдайдың тұрақталуы - вакциналаудың нәтижесі дейді мамандар. Бүгінде облыста 182 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтсе, 82 мың жүкті әйел «Pfizer» екпесін салдырған.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу