Қарағанды облысында есірткі саудалаған топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында есірткі саудалаған топ ұсталды

30.03.2022

Қарағанды облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті. Ұсталғандардың жалпы саны 10 адам. Негізінен Қарағанды мен Теміртау қалаларының тұрғындары. Олар есірткінің синтетикалық түрлерін тасымалдаған. Полицейлер мен қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері күдіктілерді ұстау үшін 4 ай бойы із кескен. Қылмыстық топ Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Қарағанды мен Шығыс Қазақстан обыстарында әрекет еткен. Синтетикалық заттарды интернет магазиндер және Telegram желісі арқылы саудалаған. Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктілерден 300 доза және жалға алынған пәтерден 3 кг есірткі тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Кінәлілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу