Үкімет мемлекеттік тілді дамытуға қатысты қоғам алдында есеп беруі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет мемлекеттік тілді дамытуға қатысты қоғам алдында есеп беруі керек

30.03.2022

Үкімет мемлекеттік тілді дамытуға қатысты қоғам алдында есеп беруі керек. Бұл бағытта бірқатар сауал бар,-деді депутаттар. Тілді үйретуге бөлінген қаржы қайда және қалай жұмсалып жатыр, оқу-үйрету бағдарламаларының тиімділігі қандай? Өз еркімен қазақ тілін меңгерушілерге әдістемелік құралдар жеткілікті ме? Мәжілісте Вице-премьер Ералы Тоғжановқа осы бағыттағы сұрақтар жолданды.

Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мемлекеттік тілді дамытудың арғы жағында - ел мен жер мәселесі тұр. Мемлекет мығым болуы үшін ана тіліміз асқақтауы тиіс. Қазақ тілі қоғамның ынтымақ, бірлігінің уығы, елдің консолидацияның тірегі болуы тиіс.
Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу