Алтынемел асуында қолайсыз ауа райының салдарынан бес автокөлік мінген 15 адам жолда қалған. Ақпарат түсе салысымен құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге шығарып, азаматтар сапарын жалғастырды. Дәл осы асуда бір көлік жол жиегіне шығып, аударылған. Адамдар аман. Жалпы наурыздың соңғы күндері боран соғып, жолдар жабылатыны туралы СМС хабарламалар таратылған. Алайда жолаушылар мұндай ескертуге немқұрайлы қарайды.
Сондай-ақ Кеген ауданында кезекші бөлімге мал бағуға шыққан азаматтың үйіне оралмағаны туралы хабар берілген. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жедел іздестіру барысында 30 наурыз күні түнгі 12-лер шамасында 1955 жылғы Жалаулы ауылының тұрғынын аман-есен тапқан. Шопанға медициналық көмек қажет болмады. Қария үйіне жеткізілді.
Қуаныш Қанатұлы