Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Ол мемлекет басшысына палата жұмысының жаңа форматы жайлы баяндады. Депутаттар өз жұмысында ашықтықты арттыруға, Парламенттік мәдениетті нығайту мен халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді. Сонымен қатар, депутаттардың өңірлерге сапары барысында көтерілген мәселелерге қатысты жұмыстың жаңа тетіктері енгізіледі, - деді Мәжіліс төрағасы.