Қостанай облысының Орқаш ауылына 10 күннен бері қатынас үзілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Орқаш ауылына 10 күннен бері қатынас үзілген

31.03.2022

Қостанай облысының Қамысты ауданындағы Орқаш ауылымен 10 күннен бері қатынас үзілген.

Тоқтаусыз соққан боран мен жаяу бұрқасын жолды аршуға мүмкіндік бермей жатыр. Тұрғындар көрші елді-мекендерге мотошанамен ғана қатынап жүр. Облыс орталығынан шамамен 400 шақырымдай қашықтағы Орқаш – Аралкөл округіне қарайды. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша мұнда 14 үй бар, тұрғындар саны 50-ге жуық.

Жасұлан Сыздықов, Аралкөл ауылдық округінің әкімі:

Наурыздан бері күнде боран ғой. Күнде тазартқанмен артын басып қалып жатыр. Бір шетін тазартып бастаса, бір шетін басып қалады. МЧС-тан техника бөлініп медикамент тамақтарын жеткізіп қамтамасыз еткенбіз. Жол қазіргі уақытта аршылып қалды. Бүгін енді жол бар деуге болады.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу