Ет одағы төрағасы ет экспортына қойылған шектеуді алып тастауды сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ет одағы төрағасы ет экспортына қойылған шектеуді алып тастауды сұрады

31.03.2022

Ет одағының төрағасы сиыр етінің экспортына қойылған шектеуді алып тастауды сұрап отыр. Асылжан Мамытбековтың айтуынша былтыр елімізде 540 мың тонна ет өндірілген. Ал ішкі сұраныс 450 мың тонна. Яғни шаруалар артық 90 мың тонна етті шектеуге байланысты сыртқы нарыққа шығара алмай отыр. Ірі импорттаушы Ресей мен Қытай тарапынан қазір сұраныс жоғары. Бірақ бұған шектеу мүмкіндік бермейді дейді. Десе де Үкімет шектеуді қымбатшылық пен тапшылықтың алдын алу үшін қойғанын айтқан еді. Бірақ одақ төрағасы бұл агроөнеркәсіп кешенін дамытуды тежейді, - дейді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу