Оқыс оқиға Батыс-2 шағын ауданында болған. 12 жастағы мектеп оқушысы көшеге толған еріген қар суының қай тұсында арық барын білмей құлағанға ұқсайды. Мына бейнежазбадан сол маңнан өтіп бара жатқан әйел адамның көмек шақырғанын байқауға болады. Бірнеше ер адам жедел қимылдап, суға батып жатқан қызды құтқарып қалды. Кеше кешққұрым оқиға болған ауданды аралаған облыс басшысы қала әкіміне қатаң ескерту жасады.
Жақсыбек Кемал