Түркістан облысында алкоголь өнімдерін шығаратын екі жасырын цех әшкереленді. Қаржы бақылау агенттігі таратқан мәліметке сай, спирттік ішімдіктер антисанитарлық жағдайда өндіріліп келген. Яғни, заңсыз өндірілген алкогольді өнімдердің басым бөлігі адамның өмірі мен денсаулығына аса қауіпті. Пысықайлар қолдан жасалған өнімді есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып саудалаған. Тінту кезінде қоймадан үш мыңдай құты, бір тоннадан астам спирт, танымал брендтердің қаптама материалдары тәркіленді. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ламбриан Топузидис