АҚШ алдағы жарты жылда cтратегиялық отын резервінен 180 млн баррель мұнайды босатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ алдағы жарты жылда cтратегиялық отын резервінен 180 млн баррель мұнайды босатпақ

01.04.2022

Мұны президент Джо Байден мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шараның мақсаты – Украинадағы әскери жанжалдан кейін көтерілген жанармай бағасын төмендету.

Өткен айда Байден Ресейден мұнай импорттауға тыйым салғаны белгілі. Сол шикізаттың орнын толтыру үшін Америка енді өз қоймасынан нарыққа мамырдан бастап жыл соңына дейін тәулігіне 1 миллион бөшкеден мұнай шығарып отырады. Сонымен қатар, Байден жергілікті компанияларды мұнай өндірісін арттыруға шақырды.

Бүгіннен бастап шетелдік клиенттер Ресей газын рубльге ғана сатып алуы керек. Мұны президент Владимир Путин жариялады. Кремль басшысы осы жайлы құжатқа қол қойғанын да атап өтті.

Путиннің мәлімдеуінше, сатып алушылар көгілдір отын импорттау үшін ең алдымен Ресей банктерінде есепшот ашуға тиіс.

Айта кетсек, бұған дейін батыстық компаниялар мен үкіметтер бұл идеядан бас тартқаны белгілі. Олардың сөзінше, Ресейдің газын сатып алу туралы келісімшарттар долларға, еуроға ғана негізделген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу