Қарағанды облысында 2 баланы ит талады: біреуі қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 2 баланы ит талады: біреуі қайтыс болды

02.04.2022

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында екі баланы ит талап, бірі көз жұмды. Бос жүрген неміс овчаркасы үй иесінің немерелерін қапқан. Бүлдіршіндер сан авиациямен Қарағандыдағы ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер балалардың кішісін ажалдан арашалап қала алмады. Үлкені ем алып жатыр. Басы, көзі мен қолы қатты зақымданған. Жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. 

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Сол үйдің 3 және 5 жастағы екі баласы аулада ойнап жүргенінде оларға сол үйдің иті шабуыл жасап, дене жарақаттарын келтіргені анықталды. Алған жарақаттан 3 жастағы бала ауруханада қайтыс болса, 5 жастағы бала ауруханаға жатқызылды. Бұл факті Ақтоғай аудандық полиция бөлімінде тіркелді, тергеу амалдары жалғасуда. 

Таяуда Ақмола облысының Атбасар қаласында да 57 жастағы әйелді ит талаған еді. Көшеде бос жүрген алабай келіншектің қолын тістеп, аяғын шайнап тастаған. Салдарынан ол мүгедек болып қалды.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу