Манчестер қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Манчестер қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

04.04.2022

Британиялық саясаткерлер мен іскерлік қауымдастығы Қазақстанның саяси реформаларды жүзеге асырудағы бастамаларын жоғары бағалады.
Манчестер қаласындағы көркемсурет галереясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, іс-шараға Ұлыбритания Парламентінің мүшелері, қала басшылығы және жергілікті университетте техникалық мамандықтар бойынша оқып жатқан қазақстандық студенттер қатысты. Қазақстанның Біріккен Корольдіктегі елшісі Ерлан Ыдырысов жиналғандарға елдегі ауқымды бағдарламалар туралы айтып берді. Депутаттар Парламенттік сайлау жүйесі мен жергілікті басқару саласындағы реформалардың өзектілігін атап өтті.

Афзал Хан, Ұлыбритания Парламентінің мүшесі:
Бізде көппартиялы жүйе қалыптасқан. Қазақстанда да партияларды тіркеу рәсімі едәуір жеңілдеп, саяси күштер санының артатындығы қуантады. Бұл – елдегі саяси кеңістікті дамытудағы өте маңызды қадам. Өз сайлаушыларының түйінді мәселелерін тиімді жеткізіп, ұтымды шешуге қауқары жететін жаңа партиялар пайда болады деп сенемін.
Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу