«Қоғамдық келісім» мүшелері тұрғындарға мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатуға көмек көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қоғамдық келісім» мүшелері тұрғындарға мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатуға көмек көрсетеді

04.04.2022

Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамда келісім мен бірлікті нығайтудағы рөлі зор. Бұл туралы «Қоғамдық келісім» директоры брифингте мәлімдеді. 2014 жылдан бері өңірлерде «Қоғамдық келісім» кеңестері жұмыс істеп келеді. Құрамына ақсақалдар мен белсенділер кіреді. Кеңес мүшелері тұрғындарға мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатуға көмек көрсетеді. Тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып келеді. Ел аумағында осындай 2 мыңнан астам кеңес бар.

Хабарламаларға жазылу