Тасқынмен күрес: Үкіметте төтенше жағдайға қатысты шаралар пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқынмен күрес: Үкіметте төтенше жағдайға қатысты шаралар пысықталды

04.04.2022

Су тасқынымен күрес, төтенше жағдайдың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар Үкіметте пысықталды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар мен Қарағанды облыстарының 8 елдімекенінде 184 тұрғын үй және 72 саяжай, 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалған. 969 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың 493-і уақытша паналау пункттерінде, 476-сы туыстарының үйіне орналастырылды.

Әлихан Смайылов тасқынға қардың уақытылы шығарылмауы, каналдар мен арықтардың дұрыс тазартылмауы себеп дейді. Көшірілген азаматтарға тиісті жағдай жасап, еріген қар суын сору, үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Премьер-Министр өңір әкімдеріне жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды. Келер жылы су басу қаупін төмендету үшін 2021-23 жылдарға арналған Су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасын іске асыру шараларын қабылдауды тапсырды. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу