Қарағанды облысының тасжолын 2 жерден су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының тасжолын 2 жерден су басты

05.04.2022

Қарағанды облысында «Қарағанды - Аягөз - Бұғаз» тасжолын 2 жерден су басты. Осыған байланысты Ботақара мен Петровка елдімекендері тұсынан көлік қатынасы тоқтады. Ал бүгін таңертең су деңгейінің түсуіне байланысты жол учаскелері қайта ашылды, деп хабарлайды «ҚазАвтожол» мекемесі. Сондай-ақ кеншілер қаласының Тәттімбет көшесі мен Шахтерлер даңғылына даладан келген қар суы кірді. Коммуналдық қызмет қызыл судың арнасын арықтар мен суағарларға бұрып, бірнеше сағатта жағдай реттелді.

Руслан Нұрланұлы, Бекзат Сәбитұлы


Хабарламаларға жазылу