Өткен тәулікте тұрғын үйлерді су басу жағдайы тіркелген жоқ. 119 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олар эвакуациялау пунктері мен туыстарының үйіне орналасқан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір Ақтөбе облысында 15 саяжай бақылауда. Аймақтарда 3 республикалық маңызы бар автожолдар, жергілікті маңыздағы бірнеше жол мен 1 көпір тасқында қалған. Өңірлерде 240 мың текше метрдей су сорылды.