Құрылыс материалдары өзімізде өндіріле бастайды - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылыс материалдары өзімізде өндіріле бастайды - министр

05.04.2022

Құрылыс материалдары өзімізде өндіріле бастайды. Керамикалық плита, газоблок, жылу оқшаулағыш материалдар мен панельдерді алдағы уақытта шеттен тасудың қажеті болмайды. Машина жасау саласына қатысты да оң өзгеріс, көліктерге қажет бөлшектердің біразы өзімізде жасалмақ. Осылайша отандық өнеркәсіптің көкжиегі кеңейеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша 700-ден астам индустриялық жобаның тізімі жасақталды. Мемлекет кәсіп бастауға ниеттенген бизнес өкілдері мен инвесторларды қолдауға дайын. 131 индустриялық жоба жүзеге асып, 38 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

 Қайырбек Өскенбаев, ҚР ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі: 
700-ден астам жобаларды дайындадық. Құны 20 трлн теңгеде асады. 38, 4 млрд теңгенің өнімі сырттан импортталады. Ол машина жасау, химия., жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары. Осындай ірі жобаларды елде жүзеге асыруға тиіспіз. Алдағы 5 жылда осындай мақсат қойып отырмыз.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу