Президент тапсырмасына сәйкес Арал аймағы экологиясын оңалту бағытында 2025 жылға дейін аңқасы кепкен теңіздің 1,1 миллион гектар аумағына сексеуіл тұқымы егілуі тиіс. Ауқымды экожоба былтыр қолға алынып, 100 мың гектары игерілді. Әзірге, Арал мен Қазалы ауданының орманшылары арнайы техниканың көмегімен көшеттерді қолмен егіп жатыр. Күзге қарай қосымша бригадалар жұмылдырылып, 250 мың гектар аумаққа сексеуіл отырғызылмақ. Жалпы табиғат жанашырлары еңбек зая кетіп жатқан жоқ, дейді.
Ардақ Кәдір, Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры:
Қазіргі таңда ол еккен жұмыстарымыздың шығымдылығы жақсы. 50-60 пайызға дейін құрап тұр. Сексеуіл өздігінен өсіп-піскеннен кейін сексеуіл тұқымдарын шашып, көбейе беретін қасиеті бар.
Әділбек Серікұлы