Қытайдың Шанхай қаласында коронавирустың өршуіне орай локдаун күшейтілді. Шектеу шаралары қоғамдық көліктерді де қамтыған. Тұрғындарды жаппай тексеру нәтижесінде соңғы 24 сағатта ковид 13 мыңнан астам адамнан анықталды. Олардың көбінде вирус симптомсыз өтіп жатыр. Апта басында қалаға елдің түрлі бөлігінен 10 мыңнан астам медицина қызметкері жиналды. 2 мыңдайы - әскери дәрігер. Бұл миссияның мақсаты – алып мегаполисте коронавирустың өршуін тоқтату.