Өскемен қаласы әкімдігі мен жол жөндейтін мердігер мекеме соттасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен қаласы әкімдігі мен жол жөндейтін мердігер мекеме соттасып жатыр

05.04.2022

Шығыста жолдан дау туды. Өскемен қаласы әкімдігі мен жол жөндейтін мердігер мекеме бір мәмілеге келе алмай соттасып жатыр. Былтыр жалпы сомасы 259 млн теңгенің тендерін ұтқан мердігер екі көшенің жолына орташа жөндеу өткізген. Алайда, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі атқарылған жұмыс жобада көрсетілген талапқа сай келмейтінін айтып, жұмысты қабылдамайды. Ақыры, қалалық және облыстық сот шешімді тапсырыс берушінің пайдасына шешкен. Жоғарғы сот істі қарамай кері қайтарады. Ал жолдың сапасын әр түрлі зертхана мен техникалық университет мамандары тексере келе, талапқа сай келетінін дәлелдеген. Алайда тапсырыс беруші тарап технололгия бұзылды деген ұстанымынан таймай отыр.

Еркін Тұраров, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Бұл мердігерді сот мемлекеттік сатып алу бойынша «жауапсыз мердігер» деп танып, «жүктелген міндетті дұрыс атқармаған» деген шешім шығарды. Жұмасалмаған қаражыттың жартысын кері қайтаруды міндеттеді.

Александр Федосов, мердігер компанияның бас директоры:

Бұл жердегі мәселе Ірі түйіршікті ұсақ түйіршікті асфалтқа ауыстырғаннан шығып тұр. Мен тағы қайталап айтқым келеді. Екеуі де бір маркадағы материал. Б2 деген. Ең бапстысы асфальттың қалыңдығы мен неше қабат төселуінде. Оның бәрі талапқа сай келіп тұр. Сынама алып тексерген барлық зертхана оны растап, құжат берді. Ал тапсырыс берушіге енді, не керек екенін түсінбедім.


Хабарламаларға жазылу