Мемлекет басшысы Қатар кәсіпкерлерін қазақстандық жобаларға қатысуға шақырды. Ал Қатар Әмірі көпжақты ынтымақты одан әрі кеңейтуге дайын. Енді бұл бағытта нақты шаралар қабылдау қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшылары бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Көшбасшылар екі ел арасындағы әріптестіктің қазіргі жағдайын талқылап, одан әрі дамытудың қолайлы перспективаларын қарастырды. Сонымен қатар, тараптар өзара сауда-саттықтың оң қарқынын одан әрі сақтауға және инвестициялық оның ішінде банк және қаржы салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға ниетті.
Асима Нұрбайқызы