Ресейде еңбек мигранттарының 30% елден кетуге мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде еңбек мигранттарының 30% елден кетуге мәжбүр

06.04.2022

Ресейде санкциялардың салдарынан жұмысшы тапшы. Еңбек мигранттарының 30% елден кетуге мәжбүр.

Индира Бегайдар, тілші:
Елде құрылыс, қоғамдық көлік, тамақтану саласында жұмыс күші жетпей жатыр. Құрылыс министрлігінің мәліметінше, тек Мәскеуге 3 млн жұмысшы қажет. Жалпы Ресейде 8-9 млн мигрант жұмыс істейтін. Қазір іскерлік белсенділік төмендеді. SWIFT жүйесінен ажыратылған соң, шетелге ақша аудару мүмкін емес. Тығырыққа тірелген мигранттар үйлеріне қайтуға мәжбүр.
Вадим Коженов, РФ Мигранттар федерациясының президенті:
Қазір әуе билеттерінің бағасы қымбаттап кетті, мигранттардың жұмыс істеуіне көптеген қиындық туды. Біздің болжамымыз бойынша, еңбек мигранттарының бір бөлігі көктемге қарай жеке секторға ауысуы мүмкін. Бұл – жұмыс күшіне тапшылық артады деген сөз. Ресейге келу үшін жол қымбат болғандықтан, мәселе ушыға түседі.

Индира Бегайдар, тілші:
Соңғы айда азық-түлік бағасы шарықтап кетті, дәрі-дәрмек тапшылығы да айқын сезіліп отыр. Ресей нарығындағы дәрі-дәрмектің 70% сырттан импортталатынын ескерсек, қазір дәріханалардан адам өмірі үшін аса маңызды дәріні табу қиын. Қаржы нарығындағы ахуал да нашарлап барады. Экономистер осы айда дефолт болуы мүмкін екенін айтады.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу