Елімізде шетелге заңсыз шығарылған ақша мен мүлікті қайтару ісі қарқын ала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде шетелге заңсыз шығарылған ақша мен мүлікті қайтару ісі қарқын ала бастады

06.04.2022

Шетелге заңсыз шығарылған ақша мен мүлікті қайтару ісі қарқын ала бастады. Қазір қылмыстық істерге қатысы болуы мүмкін адамдардың ақша аударымдары тексеріліп жатыр. Ақордада қабылдауда болған Бас прокурор Президентке осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар Берік Асылов «қаңтар оқиғасын» тергеп-тексеру жұмыстарының барысы туралы есеп берді. Бұдан бөлек қазір прокуратура туралы жаңа конституциялық заң әзірленіп жатыр. Заң жобасына Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, құқық қорғаушылармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасау және прокурорлардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыру туралы ережелер енгізу жоспарланып отыр. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу