Арасында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім де бар. Ал, түрлі дене жарақатын алған тағы екі кісі Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі жүріп келе жатып аударылған «Шевроле Кобальт» көлігінің жүргізушісі. Күн ашық, жол таза. Соған қарамастан транспорттың оқыстан жиекке шығып, еңіске қарай қалай ауып кеткені әзірге белгісіз. Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
Болат Аманбаев