Ақмола облысында пойыз жолаушысынан «Сібір жарасы» індеті анықталды. 26 жастағы азамат Түркістан облысынан Бурабайға демалуға келе жатқанда дене қызуы көтеріліп, өзін жайсыз сезінген. Белгілі болғандай, ол досымен бірігіп жылқы етін сатып алыпты. Алдымен сол жолдасы дертке шалдыққан. Қазіргі уақытта ер адам мен жұбайы Көкшетаудағы жұқпалы ауруларға қарсы орталыққа жатқызылды. Жағдайы «орташа ауыр» деп бағалануда. Әйелінде «Сібір жарасы» анықталған жоқ. Байланыста болғандар анықталып, эпидемиологиялық зерттеу жүріп жатыр.
Айта кету керек, «Сібір жарасы» адамнан адамға ашық жолмен жұқпайды. Тек қан арқылы ғана беріледі.
Ермек Елберген